Қазақстанның оңтүстігін мен оңтүстік-шығысында қалың қар жауып, түнде минус 10 градусқа дейін суытады

Күні: 17:27, 24-10-2014.

Астана. 24 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанның оңтүстігін мен оңтүстік-шығысында қалың қар жауып, түнде минус 10 градусқа  дейін суытады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында дүйсенбі күні (27 қазанда – ҚазТАГ) жауынның соңы қарға айналады, таулы аймақтарда күшті қар жауады, және түнгі температура минус 10 ºС суытады», - делінген ведомствоның жұма күнгі таратқан хабарында.
Бұл ретте синоптиктер «Қазақстанның солтүстігінде қар бір ай бұрын жауды» деп отыр.
«25-27 қазанда суық атмосфералық ағымдарға байланысты қар жауып, минус 5-20 ºС аяз орнығады», - деп қорытындылады «Қазгидромет» РМК.


Жаңалықтармен бөлісу: