Алматы. 11 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанның оңтүстігінде 3,7 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады қазақстандық сейсмологтар.
«ГЗИ РМК Мәліметтер орталығының жедел ақпарына сәйкес 2019 жылдың 11 маусымында Астана уақытымен сағат 5.59-да Шымкент қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 105 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің координаттары: солтүстік ендікте 43.15 градус, шығыс бойлықта 70.29 градус. Магнитудасы mb=3,7», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Энергетикалық класы К=8.3, эпицентр 9 шақырым тереңдікте орналасқан.
Қазақстанның оңтүстігінде 3,7 балдық жер сілкінісі болды
