Қазақстанның оңтүстігінде алдағы үш күнде күн күркіреп, бұршақ жауады

Күні: 16:50, 08-04-2019.

Астана. 8 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанның оңтүстігінде алдағы үш күнде күн күркіреп, бұршақ жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның оңтүстік облыстары арқылы атмосфералық фронттармен бірге циклон жылжып келеді, соның салдарынан жаңбыр жауады, алдағы үш тәулікте кей жерлерде нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Осы жерлерде сондай-ақ, күн күркірейді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін», - делінген 9-11 сәуірге арналған дүйсенбіде таратылған ауа райы болжамында.
Қалған аумақтар, синоптиктердің ақпарынша, антициклонның ықпалында болады.
«Сондықтан күн аздаған бұлтты болады, көбіне жауын-шашын түседі. Республика бойынша ауа температурасы көп жылғы орташа ауа температурасынан 2-6 градусқа жоғары болады», - деді «Қазгидрометте».


Жаңалықтармен бөлісу: