Астана. 3 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-батысында 4-6 маусымда ыссы және құрғақ ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Оңтүстік және оңтүстік-батыста Иран аудандарынан жылы ауа массаларымен ыстық және құрғақ ауа райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл болады», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Болжамға сәйкес, Скандинавия аудандарынан Антициклон республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінің ауа райына әсерін сақтайды, бұл температураның төмендеуіне әкеледі.
«Кей жерлерде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты, найзағай ойнап, жаңбыр жауады және бұршақ түседі деп күтіледі», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Алматыда бизнес орталықта өрт шықты29 Наурыз 2024, 12:14
-
Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан шығып, 100 ден аса адам эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 12:02
-
Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған 5 нысан бұзылды29 Наурыз 2024, 11:07