Қазақстанның оңтүстік аймағы үшін күн электр станциясының тағы төрт жобасы іріктелді

Күні: 17:02, 19-10-2018.

Астана. 19 қазан. ҚазТАГ – Жалпы қуаты 150 МВт болатын күн электр станцияларының жобасын іріктеу бойынша Қазақстанның оңтүстік аймағы үшін күзгі сериялардың ақырғы (20-шы) аукционы өткізілді, деп хабарлады ҚР энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.  
Энергоминінің ақпарынша, аукцион саудаларында 18 қазан күні жоба қуаты 10,2 МВт-дан 100 МВт дейін құрайтын 20 қатысушыдан 28 өтінім келіп түсті. Аукцион өткізілген болып есептелді.  
«Электронды сауда қорытындысы бойынша келесі қатысушылар жеңімпаз болып танылды:   Hydroenergy company JSC,  қуаты- 50 МВт, бағасы Т18,6/кВтсағ;   «Авелар солар технолоджи» ААҚ қуаты- 20 МВт, бағасы Т18,8/кВтсағ;   «Авелар солар технолоджи» ААҚ, қуаты - 50 МВт, бағасы    Т22,5/кВтсағ; Shell Kazakhstan B.V. Branch, қуаты -50 МВт, бағасы  Т22,9/кВтсағ», - делінген хабарда
Бұған дейін хабарланғандай, бекітілген кестеге сәйкес ағымдағы жылы 1 мың МВт көлемінде, келесідей электр станциясы түрлеріне бөле отырып, күн электр станциясы – 290 МВт; жел – 620 МВт; гидроэлектростанциясы – 75 МВт; БиоЭС - 15 МВт сауда өткізу жоспарланды,  


Жаңалықтармен бөлісу: