Қазақстанның оңтүстік-шығысында 23-25 қыркүйек аралығында үсік күтіледі

Астана. 23 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанның оңтүстік-шығысында 23-25 қыркүйек аралығында үсік күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен. «Аптаның ортасынан бастап ҚР солтүстігі мен шығысына Атлантикалық циклон әсер етуді жалғастырады, онымен жауын-шашынды және желдің күшеюімен күзгі салқын ауа райы сақталады. Аптаның соңына қарай ел аумағының басым бөлігінің ауа райын Батыс антициклоны анықтайды, онымен жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы күтіледі, елдің оңтүстік-шығысында кей жерлерде үсік жүреді», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, тек еліміздің батысында құрғақ және жылы ауа райы сақталады.

adimage