Қазақстанның қорғаныс саласында шығындарды оңтайландыру Т10 млрд үнемдеуге мүмкіндік береді

Астана. 11 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанның қорғаныс саласында шығындарды оңтайландыру Т10 млрд үнемдеуге мүмкіндік береді, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев.
«Жүргізілген талдау жұмыстары мен штабтық-ұйымдастыру шаралары биыл 10 миллиард теңге үнемдеуге мүмкіндік береді», - деп келтірген сейсенбі күні Ақорда баспасөз қызметі ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысындағы Ермекбаевтың сөздерін.
Қазақстан Президентіне Қарулы Күштерді қалыптастыру және дамыту, қорғаныс саласының шығындарын оңтайландыру жұмыстары туралы баяндалды.
Сондай-ақ, қорғаныс мині армияны заманауи қару-жарақпен жабдықтау, әскери техникаларды жөндеу және жаңғырту жөніндегі жоспары, сондай-ақ, электронды әскери комиссариат жобасын енгізу үдерісі туралы айтты.
«Кездесуде Арыс қаласында болған төтенше жағдайдың салдарын жою және оқ-дәрі сақтау инфрақұрылымын жетілдіру үшін жүргізілген жұмыстарға баса мән берілді. Мемлекет басшысы Қорғаныс министріне халықаралық әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайту, армияны тиімді әрі бәсекеге қабілетті қару-жарақпен жабдықтау, әскери білім беру ісінің және әскери дайындық үдерісінің сапасын арттыру, сонымен қатар, әскери парадқа дайындық барысы жөнінде бірқатар тапсырма берді», - делінген хабарда.

adimage