Қазақстанның Португалия мен Еуропаның бес еліндегі дипмиссиялары елшілік ретінде қайта құрылды

Астана. 18 шілде. ҚазТАГ – Қазақстанның Португалия мен Еуропаның бес еліндегі дипмиссиялары елшілік ретінде қайта құрылды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасының Лиссабон қаласындағы (Португалия Республикасы) дипломатиялық миссиясы Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Елшілігі ретінде қайта құрылсын», - делінген бейсенбідегі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.
Елшілік құру туралы осындай жарлықтар Болгария, Эстония, Словакия, Сербия мен Латвия дипмиссиясына қатысты да шығарылды.
Еске салсақ, ҚазТАГ ХАА Қазақстанның Португалия мен Еуропаның тағы да бес елінде елшілік ашуға дайындалып жатқанын хабарлаған еді.

adimage