Қазақстанның сегіз өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Астана. 27 қыркүйек. ҚазТАГ - Қазақстанның сегіз өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«27 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында күші 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с күтіледі. Петропавл қ: 27 қыркүйекте жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с», - делінген хабарда.
28 қыркүйекте Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Ауа температурасының түнде 0-5 градус жылы, облыстың солтүстігінде 5 градус аязға дейін, күндіз 3-8 градус жылыға дейін күрт төмендеп, одан әрі төмендейді.
«Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын күтіледі (жаңбыр, қар). Түнде +2+7 жылы болады, облыстың солтүстігінде -2 аяз, күндіз +5+10 ары қарай төмендей береді. Қарағанды қ.: 28 қыркүйекте таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.
28 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: күндіз 28 қыркүйекте найзағай күтіледі.
27 қыркүйекте күндіз Абай облысының орталығында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстік-батысында күші 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Семей қ.: 27 қыркүйекте жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
28 қыркүйекте Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында батыстан жел соғады, 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

adimage