Қазақстанның сегіз облысында жауын-шашын және қатты жел салдарынан дауылды ескерту жарияланды

Астана. 28 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанның сегіз облысында жауын-шашын және қатты жел салдарынан дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады ҚазТАГ РМК баспасөз қызметінен.  
«Ақмола облысында 29 қарашада жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын, көбінесе қар түрінде күтіледі. Бұрқасын, кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с, кей жерлерде 30 м/с және аса күтіледі. 30 қарашада түнде ауа температурасы 15-20, кей жерлерде 25 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі»,- делінген дауылды ескертуде.
Сонымен қатар, Астана қ: жауын-шашын (көбінесе қар түрінде), бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші таңертең және түнде 15-20 м/с, кей уақыттарда екпіні 25 м/с. 30 қарашада түнде ауа температурасы 15-17 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.
«Батыс Қазақстан облысында 29 қарашада түнде ауа температурасының 10-15, кей жерлерде 18 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. Павлодар облысында 29 қарашада күндіз, 30 қарашада тәулігіне бұрқасын, кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с, күндіз 29, тәулігінде 30 қарашада кей жерлерде 30 м/с және аса күтіледі. 30 қарашада түнде ауа температурасы 15-20, кей жерлерде 25 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. Қарағанды облысында 30 қарашада қар, кей жерлерде қатты қар күтіледі. Күндіз 29, тәулігіне 30 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с, күндіз 29, тәулігіне 30 қарашада кей жерлерде 30 м/с және аса күтіледі»,- делінген хабарда.
1 желтоқсанда түнде ауа температурасы 15-20, кей жерлерде 23-28 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында 30 қарашада жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын, көбінесе қар түрінде күтіледі. Бұрқасын, кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 25 м/с, кей жерлерде 30 м/с және аса күтіледі. 1 желтоқсанда түнде ауа температурасы 15-20, кей жерлерде 23-28 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-95% деп бағалануда.

adimage