Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 19:03, 17-01-2019.

Астана. 17 қаңтар. ҚазТАГ – Синоптиктер Қызылорда, Қостанай және Түркістан облыстарында қолайсыз ауа райы жағдайы болатыны туралы ескертті, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«18-20 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
Синоптиктердің ақпарынша, 18 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады және тұман түседі. Оңтүстік-батыс желінің жылдамдығы 15-20 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«18 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлеріне тұман түсіп, күндіз оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с болатын жел соғады», - деп хабарлады «Қазгидромет».
Синоптиктердің ақпарынша, Шымкентте күндіз 18 қаңтарда оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады, түстен кейін екпіні 25 м/с дейін жетеді.
Түркістанда күндіз 18 қаңтарда оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с жетеді.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: