Қазақстанның үш облысында жұма күні дауылды ескерту жарияланды

   Астана.8 желтоқсан.ҚазТАГ- Қазақстанның үш облысында жұма күні дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.
   «09 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз таулы аудандарда күші 15-20 м/с.»,- делінген дауылды ескертуде.
   Жұма күні Павлодар облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.
   «Күндіз 08 желтоқсанда, түнде 09 желтоқсанда Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. 08-09 желтоқсанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батыс желіне ауысады, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 08-09 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі»,- деп ескертті синоптиктер.

adimage