Қазақстанның үш облысы мен Алматыда жексенбі күні су деңгейінің көтерілуі күтіледі

Күні: 17:19, 26-10-2018.

Астана. 26 қазан. ҚазТАГ – Жексенбіде Алматыда және Қазақстанның үш облысында өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«28 қазан Түркестан, Алматы және Жамбыл облыстарының және Алматы қаласының өзендерінде кей жерлерде қатты жауын-шашын болжамына байланысты су деңгейлері көтерілуі мүмкін», - делінген жұмада таратылған дауылды ескертуде.  
Сонымен қатар, күндіз 27 қазанда Маңғыстау облысында кей жерлерде 15-20 м/с дейін жел тұрады.  
«Актау қ: күндіз 27 қазанда желдің екпіні 18 м/с дейін күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: