Қазақстанның үш облысында алдағы күндері қатты аяз, бұрқасын және тұман күтіледі

Күні: 16:22, 07-02-2019.

Астана. 7 ақпан. ҚазТАГ – 8-10 ақпанда Қазақстанның үш облысында қатты аяз, бұрқасын және тұман күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«8 қаңтарда түнде Ақмола облысында қатты аяз сақталады -35-40. Күндіз кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жел тұрады. Астанада 8 қаңтарда түнде -35-37 қатты аяз сақталады», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Сондай-ақ, хабарланғандай, 8 ақпанда Қостанай облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, тұман, ертеңгісін және күндіз оңтүстіктен 15-20 м/с жел тұрады. Қостанайда күндіз 8 ақпанда жаяу бұрқасын күтіледі, оңтүстіктен 15-20 м/с жел тұрады.
«8-10 ақпанда Қызылорда облысында кей жерлерде тұман күтіледі, 9-10 ақпанда кей жерлерде көктайғақ болады, 9-10 ақпанда – кей жерлерде оңтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жел тұрады», - деді синопткитер.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: