Қазақстанның үш облысында қатты ыстық, жел және найзағай күтіледі

Күні: 17:41, 31-07-2019.

Астана. 31 шілде. ҚазТАГ – 1 тамызда Қазақстанның үш облысында қатты ыстық, жел және найзағай күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Күндіз 1 тамызда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қатты ыстық 36° күтіледі. 1 тамызда Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 25 м/с күтіледі. Таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз 42С қатты ыстық күтіледі. 1 тамызда Қостанай облысында кей жерлеріңде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, күші түнде кей жерлерінде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с. Қостанай қ: таңертең және күндіз 1 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: