Қазақстанның үш облысында қатты жауын-шашын, бұрқасын және көктайғақ күтіледі

Күні: 16:39, 18-02-2019.

Астана. 18 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанның үш облысында қатты жауын-шашын, бұрқасын және көктайғақ күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«19 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қаласында 19 ақпанда бұрқасын, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда айтылғандай, 19 ақпан күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-100%.
«19 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Кей жерлерде оңтүстік-батыстан cоғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: