Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды

Алматы. 25 қыркүйек. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«26 қыркүйекте Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, түнде кей жерлерде шығыстан 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жел күтіледі», - делінген сейсенбідегі дауылды ескертуде.  
Дауылды ескертудің ықтималдығын синоптиктер  95-100% деп бағалауда.
«Күндіз 26 қыркүйек Атырау облысында кей жерлерде найзағай, түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Дауылды ескертудің ықтималдығы 80-85%», - делінген хабарда.
Сонымен қатар, болжамға сәйкес, түнде 26, 27 қыркүйекте Шығыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде 1-3°С үсік күтіледі..

adimage