Астана. 28 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанның үш облысында күннің күркіреуі мен қатты жел салдарынан дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«29 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады кей жерлерде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 30 мамырда түнде және тәңертең кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады кей жерлерде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: 29 мамырда күндіз найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 30 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Сонымен қатар, 29 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с сақталады.
«29 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ: 29 мамырда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
Қазақстанның үш облысында күннің күркіреуі мен қатты жел салдарынан дауылды ескерту жарияланды
