Қазақстанның үш облысында сенбі күні дауыл күтіледі

Астана. 15 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанның үш облысында сенбі күні дауыл күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«16 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қаласында күндіз 16 ақпанда бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген жұмада таратылған дауылды ескертуде.
16 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ, түнде солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Орал қаласында 16 ақпанда бұрқасын, тұман, көктайғақ, түнде солтүстік-батыстан, батыстан 18 м/с желдің күшеюі күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«Таңертең және күндіз 16 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. 16 ақпанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласында күндіз 16 ақпанда жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудң ықтималдығы 90-95%», - деп хабарлады синоптиктер.

adimage