Қазақстанның үш облысында сейсенбі және сәрсенбі күндері дауылды ескерту жарияланды

Алматы. 19 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанның үш облысында сейсенбі және сәрсенбі күндері дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Күндіз 20, 21 тамызда Атырау облысында 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Атырау қ.: күндіз 20, 21 тамызда 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Күндіз 20 тамызда Қостанай облысында кей жерлерінде найзағай, солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«Күндіз 20, тәулік бойы 21 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және тәңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз 20 тамызда солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с. 21 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: 20-21 тамызда түнде және тәңертең тұман күтіледі. 21 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді синоптиктер.
.

adimage