Қазақстанның үш облысында үсік, тұман және қатты дауыл салдарынан дауылды ескерту жарияланды

Күні: 18:39, 19-10-2018.

Астана. 19 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанның үш облысында үсік, тұман және қатты дауыл салдарынан дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«20 қазанда Қостанай облысының оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. 20-21 қазанда түнде Жамбыл облысында кей жерлерде 3 градус үсік сақталады. Тараз қаласында: 20-21 қазанда түнде 1-3 градус үсік сақталады», - делінген жұмада таратылған дауылды ескертуде.  
Хабарда айтылғандай, 20-22 қазанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күшейеді.
«Астана қ.: 20 қазанда түнде және таңертен тұман, көктайғақ күтіледі, 20-22 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күшейеді», - делінген хабарда.  
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: