Қазақстанның үш облысында үсік және күшті жел күтіледі

Күні: 16:34, 21-10-2019.

Астана. 21 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанның үш облысында үсік және күшті жел күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«22-24 қазанда түнде Жамбыл облысында кей жерлерде 5 градус үсік күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. 22 қазанда кей жерлерде солтүстік-шығыстан жел соғады 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 22-23 қазанда түнде 3 градус үсік күтіледі. Кей уақытта тұман түседі», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Сонымен қатар, 22 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қ: күндіз 22 қазанда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
«22 қазанда Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде кей жерлерде 1 градус үсік күтіледі», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: