Қазақстанның үш облысында ыстық, найзағай және жел салдарынан дауылды ескерту жарияланды

Астана. 27 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанның үш облысында ыстық, найзағай және жел салдарынан дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«27 маусымда күндіз Түркістан облысының басым бөлігінде 420С қатты ыстық сақталады. Түркістан қ.: 27 маусымда 40-42 С қатты ыстық сақталады», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Хабарда айтылғандай, 27 маусымда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
«27 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерінде бұршақ күтіледі. Қостанай қ: таңертең және күндіз 27 маусымда найзағай күтіледі», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-100%.

adimage