Қазақстанның үш облысында жұма күні бұрқасын күтілуде

Күні: 17:15, 24-01-2019.

Астана. 24 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанның үш облысында жұма күні бұрқасын күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«25 қаңтарда ертеңгісін және күндіз Қостанай облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел күтіледі. Қостанайда ертеңгісін және күндіз 25 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Ақтөбе облысында 25 қаңтарда кей жерлерде төменнен сырма соғады, тұман. Күндіз кей жерлерде көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтөбеде күндіз төменнен сырма соғады, көктайғақ, оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 18 м/с болады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«25 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады. Оралда 25 қаңтарда бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: