Қазақстанның әскерилері геокеңістік ақпараттың бірыңғай банкін қалыптастырады

Күні: 15:26, 18-10-2018.

Астана. 18 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанның әскерилері геокеңістік ақпараттың бірыңғай банкін қалыптастырады, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.  
«Заманауи шынайылықты ескере отырып, Қорғаныс министрлігінің басшылығы «Цифрлы Қазақстан» кешенді мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «Арнайы мақсаттағы геоақпараттық тұғырнаманы құру» жобасын іске асыру жөнінде бастама танытуға шешім қабылдады. Аталмыш жоба аясында ақпараттық компонента – цифрлы картографиялық деректер мен аэроғарыш түсірілімдерінің деректері бірыңғай форматына конверсияланған кіріктіруге негізделген геокеңістік ақпараттың бірыңғай банкі қалыптастырылады», - делінген бейсенбідегі қорғаныс министрлігінің хабарында.
Хабарда атап өтілгендей, аталмыш жоба картографиялық және өзге де геокеңістік деректерді, инфрақұрылымдық мәліметтердің үлкен ауқымын бірыңғай пішімге біріктіре отырып, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың шешім қабылдауын қолдаудың ақпараттық жүйелерінің базалық тұғырнамасына айналады.
«Осылайша, жобаның іске асырылуы барлық дәрежедегі командирлерді дәйекті және жедел геокеңістік ақпаратпен қамтамасыз етуге, жер туралы ақпаратты жинауға уақытты қысқарту есебінен қабылданатын шешімдердің жеделдігін арттыруға, оны бағалау мен әскерлерге өзекті геокеңістік деректерді жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл ұрыстарда елеулі басымдық береді және цифрлық армия форматына көшу үшін қажетті жағдайға айналады», - деп мәлімдеді ҚР ҚМ.
Қорғаныс министрлігінде атап өткендей, Қарулы Күштердегі цифрлы технологиялардың рөлін, әсіресе, әлемнің барлық дамыған елдері шынайы уақыт режимінде мақсаттарды анықтау, ақпарат алмасу, мақсат көрсету, бұйрықтарды беру, әскерлер мен техниканың жай-күйін бағалау және т.б. жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бірыңғай басқару жүйелері «электронды ұрыс алаңдарын» құрумен жұмыс жасап жатқан кездегі қазіргі жағдайда асыра бағалау қиынның қиысы».


Жаңалықтармен бөлісу: