Қазақстанның солтүстігінде 26-28 мамырда ыстық басылады

Астана. 25 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанның солтүстігінде 26-28 мамырда ыстық басылады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Архангельск аудандарынан келген антициклон республиканың солтүстік өңірлерінде ыстықтың басылуын тудырады, ал оңтүстікте Иран аудандарынан келетін жылы ауа массаларымен ыстық және құрғақ ауа райы сақталады. Оңтүстікте кей жерлерде шаңды дауылмен желдің күшеюі күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.

adimage