Астана. 7 қыркүйек. ҚазТАГ – 8-10 қыркүйек аралығында Қазақстанның солтүстігінде, шығысы мен орталығында күзгі ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Елдің батыс және оңтүстік облыстарында антициклонның ықпалымен жылы әрі жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ал Қазақстанның басқа өңірлеріндегі ауа райына Батыс Сібірден ығысқан атмосфералық фронттар әсер етеді», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Сондықтан, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда алдағы үш тәулік бойы күн суытып, жаңбыр жаууы ықтимал. Ауа температурасы ағымдағы маусым үшін климаттық нормадан 2-4°С төмен болады.
Қазақстанның солтүстігінде, шығысы мен орталығында күзгі салқын ауа райы күтіледі
