Қазақстанның солтүстігінде, шығысы мен орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 29 қаңтар. ҚазТАГ –30 қаңтар - 1 ақпан аралығында Қазақстанның солтүстігінде, шығысы мен орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Оралдан республикамызға келген кең және салқын антициклонға орай Қазақстандағы ұзаққа созылған қар мен боран тоқтады. Сондықтан алдағы үш күнде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнде 25…30°С, кей жерлерде 35°С аяз болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 5…10°С, кей жерлерде 13…22°С аяз болуы ықтимал», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Болжамға сәйкес, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында -5-10, кей жерлерде -13-22 градус күн салқындайды.
«Ал, батыс өңірлерге жылы атмосфералық ауа ағындары ауысып, жаңбыр, қар аралас жаңбыр жауады және ауа температурасы бірден көтеріледі», - делінген хабарда.

adimage