Астана. 10 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанның солтүстік бөлігінде бейсенбі күні жаңбырдың арты қарға ұласып, күн салқындауы мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Алдағы үш күнде Қазақстанның солтүстік аймақтарында ауа райы жауын-шашынның соңы қарға ұласып, күн суытуы мүмкін. 11 қазан күні күндізгі ауа температурасы 13...20°С аралығында болса, 13 қазанда 0...плюс 8°С, ал түнде 0...минус 5°С аралығында болады», - делінген сәрсенібде таратылған 11-13 қазанға арналған ауа райы болжамында.
Синоптиктердің айтуынша, мұндай ауа райы республика аумағына Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік аудандарынан келе жатқан арктикалық суық ауа ағындарына байланысты.
Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында суық ауа ағындарының әсері 12 және 13 қазан күндері байқалады. Аталған өңірлерде әзірше жаңбыр жауады, дегенмен тауларда жаңбырдың арты қарға ұласуы ықтимал.
Қазақстанның солтүстік бөлігінде бейсенбі күні жаңбырдың арты қарға ұласып, күн салқындауы мүмкін
