Қазақстанның солтүстік өңірлерінде медкадрлардың жіті жетіспеушілігі байқалуда

Күні: 16:26, 26-10-2018.

Астана. 26 қазан. ҚазТАГ - Оксана Скибан. Қазақстанның солтүстік өңірлерінде медициналық кадрлардың жетіспеушілігі байқалуда, деп мәлімдеді ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.  
«Солтүстік өңірлерде медициналық кадларға қатысты проблема бар, себебі олар (мектеп түлектері –ҚазТАГ) Алматыға, Астанаға оқуға барады және кейін ол жақтан қайтқылары келмейді.  Оқып жүргенде үлкен қалаға үйреніп кетеді», - деді Е.Біртанов медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) бойынша жаһандық конференция аясындағы сессияда.  
Оның пікірінше, «жастарды ұстап қалу керек».  
«Бұл Солтүстік Қазақстандағы маңызды проблема»,- деп атап өтті Е.Біртанов.  


Жаңалықтармен бөлісу: