Қазақстанның солтүстік облыстарында алдағы үш тәулікте жылы ауа райы күтіледі

Күні: 14:52, 03-07-2019.

Астана. 3 шілде. ҚазТАГ – Қазақстанның солтүстік облыстарында алдағы үш тәулікте жылы ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның батысы мен солтүстігінің кей жерлерінде қатты жаңбыр тудырған биіктегі циклон Батыс Сібірге баяу жылжып, толтырылады. Тропосфералық ағындар ендікке ауыса бастайды, яғни ауа массалары Атлантикадан келе бастайды. Сондықтан солтүстік облыстарында жаңбыр әлі де сақталып, ал республиканың оңтүстік облыстары жоғары атмосфералық қысымда болады. Сондықтан солтүстік облыстарында орташа көпжылдық мәнге жуық ауа температурасымен жылы ауа райы күтіледі. Оңтүстік облыстарында ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болжанғанымен, бірақ 40 градустық ыстық күтілмейді», - делінген 4-6 шілдеге арналған ауа райы болжамында .


Жаңалықтармен бөлісу: