Астана. 21 тамыз. ҚазТАГ – 22-24 тамызда Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында нөсер жаңбыр жауып, күн күркірейді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Республиканың солтүстігінде жаңбыр мен ауа температурасының төмендеуін алып келген суық атмосфералық фронт оңтүстік бағытта ығысуын жалғастырады. Алдағы екі тәулікте бұл фронтпен солтүстік, орталық және шығыс облыстарда жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, найзағай, екпінді жел күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстіктің жекелеген аудандарында найзағаймен өткінші жаңбыр жауады. Ал оңтүстік-шығыста найзағаймен жаңбыр, көбінесе таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады және барлық болжанған кезеңде бұршақ жаууы ықтимал. Тек батыс пен оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы және ауа температурасының климаттық нормадан 3...5°С жоғары болуы күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған ауа райы болжамында.
Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында нөсер жаңбыр жауып, күн күркірейді
