Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінде алдағы үш тәулікте аяз күтіледі

Астана. 16 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінде алдағы үш тәулікте аяз күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде жаңбыр жауады. 19 сәуірде солтүстік және орталық аймақтарға Скандинавия түбегі аудандарынан суық антициклонның келуімен жаңбырдың қарға ұласуы, түнде ауа температурасының 5-12 градусқа дейін төмендеуі, сондай-ақ көктайғақ, төмен бұрқасын күтіледі», - делінген 17-19 сәуірге арналған жұма күні таратылған ауа райы болжамында.
Республиканың кей жерлеріне тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік жартысында күн күркірейді.

adimage