Қазақстанның сыртқы борышы ІЖӨ-ге қатысты 94% -ға дейін қысқарды

Күні: 15:27, 03-01-2019.

Алматы. 3 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанның сыртқы борышы ІЖӨ-ге қатысты 94% -ға дейін қысқарды, деп хабарлады Ұлттық банктің (ҰБ) баспасөз қызметінен.
«2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы борышы 161,5 млрд. АҚШ долл. немесе ІЖӨ-ге қатынасы 94,0% (жыл басынан бастап 8,6%-ға жақсарып) құрады. Сыртқы борыш құрылымында 63,7%-ын бұрынғысынша фирмааралық берешек, 25,7% байланысты емес кредиторлар алдындағы «Басқа секторлардың» сыртқы борышы, 7,1% мемлекеттік сыртқы борыш (Үкімет пен Ұлттық Банк), 3,5% - «Банктер» секторының сыртқы міндеттемелері (ЕДБ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ) алып отыр», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, 2018 жылғы 3-ші тоқсанда экономиканың барлық секторлары есебінен елдің сыртқы борышы 3,0 млрд. АҚШ долл. қысқарды. Мемлекеттік сыртқы борыш негізінде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын өтеу және оларға шетел инвесторларының сұранысының азаюы есебінен 452,9 млн. АҚШ долл. қысқарды.
«Банктер» сыртқы міндеттемелері ең алдымен Қытайдың экспорт-импорттық банкі берген кредиттерді жоспарлы өтеу есебінен 452,9 млн. АҚШ долл. қысқарды. «Басқа секторлардың» сыртқы борышы «Борыштық бағалы қағаздар» бабы бойынша («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 1,6 млрд. АҚШ долл. сомасындағы 10-жылдық еврооблигацияларын өтеу және «КазАгро» ҰБХ» АҚ 420,4 млн. евро соммасындағы 5-жылдық еврооблигацияларын ішінара мерзімінен бұрын өтеуін төлеп алу) қысқыру есебінен азайды», - деді Ұлттық банктен.
Фирмааралық берешек мұнайгаз секторының ірі компанияларының шетелдік ұймдардың еншілес және тел кәсіпорындарынан несиені өтеу нәтижесінде 823,7 млн. АҚШ долл. қысқарды.
«Талдамалық мақсатта сыртқы борыш құрылымында есепті кезеңде 2,5 млрд. АҚШ долларына азайып, 2018 жылғы 1 қазанда 24,0 млрд. АҚШ долл. құраған мемлекет бақылайтын ұйымдардың сыртқы борышы (мемлекеттік сектор капиталына 50%-дан астам тікелей немесе жанама қатысатын банктер мен ұйымдар) жеке көрінеді», - деп түсіндірді қаржылық реттеуші.
«Фирмааралық берешек тікелей инвесторлар, еншілес және тел кәсіпорындар алдындағы міндеттемелерді білдіреді және оның 64,7%-ы 2018 жылғы 3-тоқсанның соңында Қазақстан аумағында ірі мұнай газ жобаларын іске асыратын шетел компаниялары филиалдарының сыртқы борышынан тұрады. Таза сыртқы борыш борыштық құралдар бойынша сыртқы активтерді шегере отырып, борыштық құралдар (сыртқы борыш) бойынша сыртқы міндеттемелерді білдіреді», - деді ұлттық банктен.


Жаңалықтармен бөлісу: