Қазақстанның сыртқы сауда айналымы қаңтар-тамызда 1,8% өсті

Күні: 18:35, 14-10-2019.

Астана. 14 қазан. ҚазТАГ - Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2019 жылдың қаңтар-тамызында 1,8% өсті, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2019 жылдың қаңтар-тамызында $62,1 млрд құрады және 2018 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 1,8% өсті, соның ішінде экспорт – $37,6 млрд ( 4,5% аз), импорт – $24,5 млрд ( 13,2% көп)», - делінген дүйсенбідегі құжатта.
ЕАЭО елдерімен экспорт $3,98 млрд (-3,1%), импорт – $9,3 млрд (+1,7%) құрады.


Жаңалықтармен бөлісу: