Қазақстанның құтқарушылары мен дәрігерлері Түркияға көмек көрсету үшін жақын арада ұшып шығады

Астана. 6 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жер сілкінісінің салдарын жою үшін Түркияға жедел көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің оңтүстік-шығысындағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюда Түркия Республикасына шұғыл көмек көрсету жөнінде үкіметке тапсырма берді. СІМ мен ТЖМ тарапынан Түркия билігімен байланыс орнатылды. Жақын арада Түркия үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшып шығады», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Еске салсақ, дүйсенбіге қараған түні Түркияда магнитудасы 7,4 балдық күшті жер сілкінісі орын алды. Елде қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды. Қазақстан СІМ жер сілкінісінен зардап шеккен Түркиядағы қазақстандықтардың жағдайын анықтауда. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көптеген адам шығына әкеп соққан жер сілкінісіне байланысты Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоганға көңіл айтты. 15.00-дегі жағдай бойынша Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен немесе қаза тапқан қазақстандықтар туралы хабар түспеген.

adimage