Қазақстанның ТҮКШ саласында немістің тот басуға қарсы технологияларын қолдану жоспарлануда

Астана. 26 қыркүйек. ҚазТАГ - Қазақстанда немістің тот басуға қарсы технологияларын қолдану жоспарлап отыр, деп хабарлады ҚР ИДМ баспасөз қызметінен.
«Жақын арада немістің Merus компаниясы өз жабдықтарын Қазақстан Республикасында пайдалану тәжірибесін бастайды. Бұл туралы компанияның Қазақстандағы өкілдігі және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ («ҚазОрталығы» АҚ) келісімге келді. Жасалған шартқа сәйкес, тараптар жылу құбырларын нығайтуға және пайдалану мерзімін ұзартуға арналған арнайы құрылғыларды орнату және сынақтан өткізу бойынша бірқатар шаралар кешенін өткізуді жоспарлап отыр», - делінген сәрсенбіде министрлік сайтында жарияланған хабарда.  
Германиядан келген өкілдердің айтуынша, Merus технологиясын көптеген жылдар бойы қолдану тәжірибесі жылу және сумен жабдықтау жүйелерінде пайдаланылған кезде олардың тиімділігінің жоғарылығын көрсетті. Құбырдың айналасында орнатылған арнайы сақина құбырлардан және тиісті жабдықтан қақ, тот және басқа да бактерияларды алып тастайтын молекулалық тербелістерді құрайды. Жойылған бөлшектер құбырлардан жуылады, жүйенің бастапқы жоғары өнімділік сипаттамаларын қалпына келтіреді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бұл технология үйлер мен ғимараттардың жылыту және күтіп ұстау шығындарын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.
Хабарда атап өтілгендей, Merus құрылғыларын орнату және сынақтан өткізу бойынша пилоттық жоба Астана қаласы әкімдігінің, «Астана-Теплотранзит» АҚ басшылығы мен «Астана Су Арнасы» МКК-нің қолдауымен жүзеге асырылатын болады.

adimage