Астана. 4 маусым. ҚазТАГ – Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың айтуынша, Қазақстанның төлем балансы жағдайы жақсарған, деп хабарлады қаржылық реттеушінің баспасөз қызметінен.
«Елдің төлем балансымен ахуал жақсарды. Ағымдағы шот 2 тоқсан бойы профицитпен қалыптасуда. Мәселен, 2019 жылғы 1-тоқсанда ағымдағы операциялар шотының профициті 0,4 млрд АҚШ долларын құрады. Оған сауда балансының 6,7 млрд АҚШ долларына дейін кеңеюі себеп болды», - деді Досаев бейсенбідегі сенат отырысында.
Оның айтуынша, тауарлар экспорты 13,9 млрд АҚШ долларын, тауарлар импорты 7,2 млрд АҚШ долларын құрады.
«2019 жылғы 1-тоқсанда ағымдағы шоттың жақсаруына негізгі экспорт тауарларының тұрақты бағасы, мұнай өндіру көлемінің және сауда әріптес елдері тарапынан сұраныстың өсуі ықпал етті», - деп түсіндірді Ұлттық банк басшысы.
Қазақстанның төлем балансы жағдайы жақсарған
