Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 16:46, 20-12-2018.

Астана. 20 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«21 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Таулы аудандарда баяу бұрқасын, шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі», - делінген бейсtнбіде таратылған дауылды ескертуде.
Хабарда айтылғандай, 21, 22 желтоқсанда түнде ауа температурасының Ақмола облысының оңтүстігінде 30-33 градус аязға дейін, Қарағанды облысында 32-35 градус аязға дейін, Шығыс-Қазақстан облысында 33-38 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. Астана қ.: түнде 21, 22 желтоқсанда ауа температурасының 30-32 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі», - деді синоптиктер.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: