Қазақстанның төрт облысында жауын-шашын, күннің салқындауы мен аяз салдарынан дауылды ескерту жарияланды

Күні: 14:42, 24-12-2018.

Астана. 24 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанның төрт облысында жауын-шашын, күннің салқындауы мен аяз салдарынан дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Түнде 25-26 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қатты аяз 35-40, кей жерлерде 30 градус күтіледі. Петропавл қ: түнде 25 желтоқсанда ауа температурасының 37-39 градус аяз, түнде 26 желтоқсанда ауа температурасының 33-35 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Сонымен қатар, 24-26 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, жолда көктайғақ сақталады.
«24-26 желтоқсан күндері Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді, жауын-шашын, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қ.: 24-26 желтоқсан күндері, оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 17 м/с дейін күшейеді, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі»,- делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-98%.


Жаңалықтармен бөлісу: