Қазақстанның тағы бір облысында құс тұмауы анықталды – бұл жолы ШҚО-да

Өскемен. 19 қазан. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында құс тұмауы анықталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бесқарағай ауданындағы бірнеше жеке аулаларда құс тұмауы тіркелді. Ауру бірден тоқатылды, ауру құс жойылды, карантин жарияланды. Қазір бәрі тоқтатылды», - деп хабарлады дүйсенбіде Шығыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасынан.
Белгілі болғандай, құс тұмауы Бесқарағай ауданы Башқұл ауылында алты үйден анықталған. Қазіргі таңда ШҚО-ның Ресеймен шекаралас аудандарының барлығында құстарға екпе салу жүргізілуде.
Еске салсақ, 13 қыркүйекте ҚазТАГ ХАА Солтүстік Қазақстан облысы бірқатар елді-мекенінде үй құстарының қырылу дерегінің тіркелгенін хабарлаған еді. Қазақстан бұл жағдай туралы Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымына хабарлады. Ауыл шаруашылығы министрлігінде СҚО-дағы құстардың қырылуынан орын алған шығындарға өтемақы төлеуге уәде берді, сонымен қатар өңірге құс тұмауын жабайы ұшып келген құстар әкелуі мүмкін деген нұсқаларын да айтты.
21 қыркүйекте АШМ мәлімдегендей, құстардың қырылуы Қазақстанның бес облысында тіркелген.
1 қазанда ауыл шаруашылықмині Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстары мен Шымкентте, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында құс өлімінің азайғанын мәлімдеді.

adimage