Алматы. 2 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанның таеквондадан жастар командасы Гамбург қаласындағы турнирде 25 медаль иемденді, деп хабарлады Olympic.kz. сайтынан.
«German Open G1-де біздің бес спортшымыз алтын иемденді, сонымен қатар команда активінде алты күміс және 14 қола награда бар», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, тұғырдың бірінші сатысына Шамирхан Абабакир (45 кг), Әзірет Дүйсенбек (48 кг), Елжан Елшыбай (51 кг), Мирас Шаяхметов (59 кг) және Зио Ирисметова (44 кг) көтерілді.
«Негізгі команда спортшылары алты наградаға ие болды. Жалғыз алтын медальды Лес Абдусамат иеленді», - делінген хабарда.
Қазақстанның таеквонда командасы Гамбургтегі турнирде бес алтын медаль иемденді
