Қазақстанның тоғыз қаласында әскери қызметкерлер арнайы өңдеу шараларын жүргізуде

Астана. 30 наурыз. ҚазТАГ - Қазақстанның тоғыз қаласында биологиялық қорғаныс бөлімшелерінің әскери қызметкерлері арнайы өңдеу шараларын жүргізуде, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Төтенше жағдай енгізілген алғашқы күннен бастап Қарулы күштердің биологиялық қорғаныс бөлімшелерінің әскери қызметкерлері Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда және Тараз қалаларында аумақтар мен нысандарды арнайы өңдеу жұмыстарын жүргізуде», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Ведомствода атап өткендей, «негізгі міндеттері жауынгерлерді ұрыс алаңында қорғау болып табылатын әскери жауынгерлерді мұндай жұмыстарға тарту қажеттілік болып табылады» делінген.
«ҚР президенті – Қарулы Күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысының тапсырмасына сәйкес нысандар мен биологиялық қорғанысқа жұмылдырылған бөлімшелер саны көбейтілді», - делінген хабарда.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан да табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда және Шымкентте карантин шаралары күшейтілді.
Бұған дейін Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 294 жағдайы тіркеліп, 20-сы жазылып, бір адам көз жұмған еді.

adimage