Қазақстанның тоғыз облысында сейсенбі күні дауылды ескерту жарияланды

Астана. 28 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанның тоғыз облысында сейсенбі күні дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Күндіз 28-29 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарда найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 28 маусымда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда, күндіз 29 маусымда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 28 маусымда облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде 40 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Тараз қ.: күндіз 28-29 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 28 маусымда 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Күндіз 28, түнде 29 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Түнде 29 маусымда облыстың шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, 28 маусымда облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. 29 маусымда жел түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с. Петропавл қ: күндіз 28, тәулік бойы 29 маусымда найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
«28 маусымда күндіз Қызылорда облысында 41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 28 маусымда күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады», - делінген хабарда.
Күндіз 28 маусымда Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: күндіз 28 маусымда найзағай күтіледі.
«28 маусымда Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады», - делінген хабарда.
Ұлытау облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
«28 маусымда таңертең және күндіз Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Қонаев қ: 28 маусымда таңертең және күндіз найзағай күтіледі», - деді «Қазгидрометте».
Күндіз 28 маусымда Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20, күндіз облыстың шығысында екпіні 23 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Талдықорған қ.: 28 маусымда күндіз 36-38 градус қатты ыстық сақталады.
«28 маусымда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады», - деп ескертті синоптиктер.

adimage