Қазақстанның жаңа қаржы вице-министрі тағайындалды

Астана. 2 наурыз. ҚазТАГ – Дәурен Кеңбейіл Қазақстан қаржы вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«ҚР Үкіметінің қаулысымен Дәурен Маратұлы Кеңбейіл Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі лауазымына тағайындалды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Еңбек жолын 2006 жылы ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің жетекші маманы міндетін атқарушы болып бастаған. 2006-2013 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 2013 жылы ҚР Қаржы министрлігі концессиялық жобалар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. 2017-2019 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті директорының орынбасары. 2019 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыз алу департаментінің директоры болған.

adimage