Қазақстанның жеті облысында ауа райыға байланысты республикалық маңыздағы 20 жолда көлік қозғалысы шектелді

Астана. 21 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанның жеті облысында ауа райыға байланысты республикалық маңыздағы 20 жолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлады QazAvtoJol.
«21 ақпан сағат 9.00-дегі жағдай бойынша ауа райынынң нашарлауынан жеті облыстағы 20 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді», - деп хабарлады сәрсенбі күні.
Абай облысы — жалпы ұзындығы 2176 км 7 автожол (ауа-райының төмендеуі). Облыс бойынша барлық бағытта (қоғамдық және жүк көліктері үшін)
Шығыс Қазақстан облысында — 7 учаске жалпы ұзындығы 1238 км. (ауа-райының -45 дейін төмендеуі, қар көшкінінің түсу қаупіне байланысты). Облыс бойынша барлық бағытта (қоғамдық және жүк көліктері үшін). Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары — Берел-Рахмановские қайнарлары ауылы. (барлық көлік түрлері үшін)
Жетісу облысында — 2 учаске, жалпы ұзындығы 158 км.
(Абай облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты, бұрұқасын, көру деңгейінің төмендігі). «Алматы-Өскемен» — Үшарал қ.-Абай обл. шек. (қоғамдық және жүк көліктері үшін). Үшарал-Достық — Көктұма ст. — Достық ст. (барлық көлік үшін)
Қарағанды облысында — 1 учаске, жалпы ұзындығы 103 км. (ауа температурасының -35 дейін төмендеуі). «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» — Қарқаралы қ — Абай обл. шекарасы (дизель қозғалтқышымен жабдықталған көліктер және қоғамдық қоғамдық үшін).
Қостанай облысында — 1 учаске, жалпы ұзындығы 83 км. (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты). «Жезқазған-Петропавл» — Ұлытау обл. шек.-Арқалық қ. (көліктің барлық түрлері үшін)
Павлодар облысында — 1 автожолда, жалпы ұзындығы 160 км. (ауа-райының төмендеуі): Кенжекөл ауылының «Омбы-Майқапшағай» учаскесі –Абай обл. шекарасы (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін).
Ұлытау облысында — бір автожолда, жалпы ұзындығы 115 шақ
(Қарағанды облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты екпінді жел, ауа температурасының төмендеуі, аяз күшейді) «Жезқазған-Петропавл» — Қостанай обл. — шек Ұлытау а. (барлық көлік түрлері үшін).
«Республикалық маңыздағы автожолдарда 379 бірлік техника мен 777 адам жұмылдырылған», - делінген хабарда.

adimage