Қазақстанның жеті облысында сейсенбі күні дауылды ескерту жарияланды

Күні: 18:40, 19-04-2021.

Астана. 19 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанның жеті облысында сейсенбі күні дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Ақмола облысының оңтүстік жартысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі», - делінген дүйсенбі күні таратылған дауылды ескертуде.
20 сәуірде Атырау облысында кей жерлерде оңтүстік-шығыс, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Атырау қ.: күндіз 20 сәуірде шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.
«20 сәуірде Ақтөбе облысында шығыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с», - делінген хабарда.
Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Түнде топырақ бетінде 3 градус үсік шалу күтіледі. Қызылорда қ.: 20 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с күтіледі.
«20 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік- шығыс желі соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі», - деді «Қазгидромет».
Күндіз 20 сәуірде Жамбыл облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр, тәулік бойы 21 сәуірде жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 20-22 сәуірде кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 20, тәулік бойы 21 сәуірде екпіні 23-28 м/с. 20-21 сәуірде найзағай, дауыл, бұршақ, күндіз 21, түнде және таңертең 22 сауірде көктайғақ күтіледі. Күндіз 21 сәуірде ауа температурасының 7-12 градус жылыға дейін күрт төмендеуі, түнде 21-23 сәуірде кей жерлерде 3 градус үсік күтіледі. Тараз қ: 21 сәуірде кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы күтіледі. 21-22 сәуірде тұман күтіледі. Күндіз 20, тәулік бойы 21 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с күтіледі. Күндіз 20, түнде және таңертең 21 сәуірде найзағай, бұршақ, күндіз 21, түнде 22 сәуірде көктайғақ күтіледі. Күндіз 21 сәуірде ауа температурасының 7-9 градус жылыға дейін күрт төмендеуі, түнде 21-23 сәуірде 3 градус үсік күтіледі.
«21 сәуірде Алматы облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 20-22 сәуірде кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, 21 сәуірде екпіні 23-28 м/с. 20-21 сәуірде найзағай, дауыл, бұршақ, 21-22 сауірде көктайғақ күтіледі. Күндіз 21 сәуірде ауа температурасының 7-12 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтілуде. Түнде 21-23 сәуірде кей жерлерде 3 градус үсік күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: