Қазақстаның цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды

Астана. 18 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанның цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын», - делінген президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сейсенбідегі жарлығында.
Жұмағалиев 2019 жылдың ақпанынан бастап цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің министрі, ал оған дейін 2018 жылдың желтоқсаны - 2019 жылдың ақпаны аралығында қоса атқару бойынша Қазақстанның вице-премьері болды. Ал 2017 жылдан бастап премьер орынбасары, 2015 жылдан бастап 2017 жыл аралығында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарған.

adimage