Алматы. 12 желтоқсан. ҚазТАГ – «Қазақтелеком» АҚ «Кселл» АҚ-ның 75 пайыз акциясын сатып алды, деп көрсетілген сәрсенбіде Қазақстан қор биржасы (KASE) сайтында жарияланған мәміленің жасалғаны туралы компания хабарламасында.
Сонымен, "Қазақтелеком" TeliaSonera Kazakhstan Holding B.V. -дан "Кселл"-дің 24 пайыз акциясын және Fintur Holdings BV.-дан 51 пайыз акциясын сатып алып жатыр.
"Fintur Holdings B.V., TeliaSonera Kazakhstan Holding B.V. мен "Қазақтелеком" АҚ арасында 2018 жылдың 12 желтоқсанында жасалған "Кселл" АҚ акциясының 75 пайызы сату-сатып алу шартына сәйкес қоғам шартқа қол қойғаннан кейінгі 30 күн ішінде қоғам активтерінің жалпы құнының 10 пайыздан астамын құрайтын соманың міндеттемелерін орындайды", - делінген хабарда.
Қазақтелеком Кселл-дің 75% акциясын сатып алды
