Астана. 15 қазан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақ тілін Google аудармашыға енгізу үшін қазақ тілді мамандардың көмегі керек, деп мәлім етті WikiBilim қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы
«Бүгін біз жиналып отырғанымыз Google-аудармашы жүйесіне қазақ тілін енгізу жобасына қатысу үшін ағылшын тілін білетін қазақ тілді мамандарға үндеу тастамақшымыз», - деді Р. Кенжеханұлы сәрсенбі күнгі брифингте.
Бұл ретте ол жұмысқа онша көп уақыт керек емес екенін атап өтті.
«Жақында біз Google-дегі серіктестермізден хабар алдық. Олар ағылшын тілін білетін қазақ тілді мамандардан жүйедегі аударма сапасына қатысты баға берулерін, және аударма қисындылығын растауын сұрапты. Ол жұмыс көп уақытты талап етпейді. Әр мәтін 1-2 минут уақытты қажет етеді», - деді ол.
Р. Кенжеханұлының айтуынша, жоба бойынша жұмыс екі жылдан бері жүргізіліп келеді.
«2 жыл бұрын Google қазақ тілін аударма жүйесіне қосатындығын және оған ана тілді мамандардан көп жұмыс атқару керектігін, себебі қазақ тілінің алгоритімін дайындау үшін жүйені материалдармен толтырып отыру керектігін мәлім еткенді. Олардың сұраған жұмыстарының көбі атқарылды. Қазақшадан ағылшыншаға аударылған көптеген мәтіндер жүйеге салынды», - деді ол.
Одан басқа, Р. Кенжеханұлы Google-аудармашы жүйесін күн сайын 200 млн пайдаланушы пайдаланатынын айтады.
«Күн сайын Google-аудармашы жүйесін бүкіл әлемде 200 млн пайдаланушы қолданады. Бұл жүйе сөйлесу барысын тікелеу аударуға ең жақын келген жүйе. Қазір жүйеде 80 тілден астам тіл бар, түркі тілдерінен онда түркия мен әзербайжан тілдері салынған», - деді ол.
WikiBilim қоғамдық қорының жетекшісінің мәліметтерінше, аударманы стандарттау үшін лингвистердің көмегі мен пайдаланушылардың дауыс беруі керек.
«Қазақ тілінің зор байлығы - синонимдердің көптігінде. Сондықтан әдеби қазақ тілі өте сұлу. Ал аудармаға келгенде бұл тірлік аударма қарапайымдау болуы үшін сатандарттауды қажет етеді. Қандай да аударманы таңдау үшін аударманы стандарттауға көмектесетін мамандар тартылды. Бір сөздің бірнеше аудармасы болуы мүмкін. Біз дауыс беретін боламыз: «иә» немесе «жақсы» деген нұсқаға неғұрлық көп дауыс берілсе, сол нұсқа стандарт түрінде қабылданатын болады», - деді Р. Кенжеханұлы. Оның айтуынша, жобаны аяқтау 2014 жылға жоспарланған.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ конференциясына қатысу үшін Дубайға келді1 Желтоқсан 2023, 16:31
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, қар күтіледі1 Желтоқсан 2023, 14:47
-
Ұлттық қордан трансферттерге және «ҚазМұнайГаз» АҚ акцияларына $1,32 млрд жұмсалды1 Желтоқсан 2023, 12:50